Бүгін: 12 желтоксан 2018 жыл, (17:17)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

АБЫЗ АҚСАҚАЛМЕН КЕЗДЕСУ

04 желтоқсан 2018, Сейсенбі113

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы негізгі тұжырымдамалық тәсілдерге сәйкес «Тұлғаны тану» тақырыбы бойынша Арал аудандық «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанаты мен №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты Жастар ұйымының ұйымдастыруымен, «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің қатысуымен Арал ауданында Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шәкірат Дәрмағамбетовтің шаңырағында абыз ақсақалмен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында оқушылар ақсақалға өмір тарихы мен еңбек жолынан көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, ақсақалдан тұщымды жауаптар алып, атамыздың еңбек жолында жеткен жетістіктерімен танысты. Шәкірат Дәрмағанбетов жастарға өзінің өнегелі құнды әңгімелерін толғаныспен баяндады. №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының жастар ұйымының жетекшісі Қ.Садықов ақсақалға құттықтау тапсырып, Г.Аханова қазақтың қара домбырасымен ақсақалдың 90 жылдық мерей тойына арнайы «Арнау» орындады. Кездесу соңында Жас Отан ЖҚ-ның басшысы А.Әбілбай осы кездесудің өткізілуіне ұйытқы болып, ақсақалға арнайы Жас Отан Жастар Қанаты мүшелерінің атынан жүрек-жарды лебізін білдіріп арнайы сый-сияпат көрсетті.

№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат директоры Қалия Үкімашқызы абыз ақсақалдың иығына шапан жауып, ақсақалдың ризашылығына бөленді. Кездесу соңында тұғырлы тұлғаға айналған, қаламы қарымды, ойы алымды, журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы, өшпестей ізі бар, ақпараттың абызы Шәкірат Дәрмағамбетов атамыз жастарға риясыз көңілдері үшін алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Ұқсас жаңалықтар

04 желтоқсан 2018, Сейсенбі113
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі113
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі113
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі113
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі113
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі113
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі113
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі113
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62