Бүгін: 12 желтоксан 2018 жыл, (17:16)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04 желтоқсан 2018, Сейсенбі76

Аудандық мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады.

Жиын барысында аудандық мәдениет үйінің кітапханашысы Д.Орынбасарова: «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы дер кезінде жазылған дүние. Өйткені өз тарихымызды әлем өркениеті тұрғысынан қарап, зерделеу қажет. Мықты далалық өркениетіміздің бар екенін әлемге танытқанымыз жөн. Мақаланың әр бөлімі өткенді сараптай отырып, бүгінмен ұштастыра, ойластыра айтылған. Қазақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде жатыр. «Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда барамыз?» деген сұрақтарға терең де толымды жауап беретін тарихымызды жүйелі түсінуіміз қажет. Мақаладағы көне тарихымызға қатысты негізгі жобалар Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді» -деп өз пікірін ортаға салды.

Ал аудандық мәдениет үйінің әдіскері – Б.Қанатбаева Елбасы бастамасымен атақты тарихи тұлғалар мен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш - мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуға, «Архив – 2025» жетіжылдық бағдарламасын жүзеге асыруға және мектептер мен барлық өңірдегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құруға, сонымен бірге Қазақстанның өркениеті тарихының үздіксіз дамуын көрсететін фильмдердің арнайы циклін өндіріске енгізу сияқты бастамаларға қатысты қоғам қайраткерлері нақты ұсыныстарын айтып, шараның жоғары деңгейде өтуіне ерекше атсалысатындықтарын жеткізді.

Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мақаланы талқылау барысында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын халық арасында кеңінен насихатталуы қажет екендігіне тоқталды.

Ұқсас жаңалықтар

04 желтоқсан 2018, Сейсенбі76
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі76
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі76
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі76
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі76
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі76
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі76
04 желтоқсан 2018, Сейсенбі76
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62