Бүгін: 12 желтоксан 2018 жыл, (17:16)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

ВОЛЕЙБОЛДАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

06 желтоқсан 2018, Бейсенбі100

Бүгін Орталық стадионда Арал ауданы әкімдігінің және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, волейболдан ардагерлер арасында облыстық турнир бастау алды.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, спортсүйер қауымды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, аталмыш турнирдің маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының волейбол федерациясының вице-президенті Бақытбек Кеңесов сөз алып, Сыр еліндегі спорт жетістіктерін айтып өтті.

Облыстық турнирде Жаңақорған, Жалағаш, Қазалы, Арал аудандарының және Байқоңыр қаласының құрама командалары бақ сынауда.

Ұқсас жаңалықтар

06 желтоқсан 2018, Бейсенбі100
06 желтоқсан 2018, Бейсенбі100
06 желтоқсан 2018, Бейсенбі100
06 желтоқсан 2018, Бейсенбі100
06 желтоқсан 2018, Бейсенбі100
06 желтоқсан 2018, Бейсенбі100
06 желтоқсан 2018, Бейсенбі100
06 желтоқсан 2018, Бейсенбі100
Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62