Бүгін: 23 сәуір 2017 жыл, (21:39)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Аңдатпа

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. Қала күні аталып өтіледі.
 
Қазақылықтың қайнары Қызылорда қаласы қыркүйектің 24-25 күндері аралығында «Қала күні» мерекесін атап өтеді. Биылғы қала күні Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құрметіне арналып, мереке аясында қалыптасқан дәстүр бойынша қала қонақтары мен тұрғындарының құрметіне сән-салтанатына сай мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылатын болады. Мерекенің алғашқы күні, яғни 24 қыркүйек күні «Мемлекеттік рәміздер алаңының» салтанатты ашылу рәсімі, Сырдария өзенін жағалай орын тепкен айналма жол «Тәуелсіздік» даңғылының ашылуы, «Сәулет» мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің кілтін табыстау, «Ақмешіт» мөлтек ауданындағы жаңа «Солтүстік» автобекетінің ашылуы, Шаһардың келбетіне әр берген қалаға солтүстік бағыттан кіретін қақпаның ашылу рәсімі, «Ақмешіт» мөлтек ауданында орналасқан «Мерейлім» балабақшасының ашылуы, ҚР Тұңғыш Президенті саябағында 25 жас отбасына неке куәлігін тапсыру рәсімдері өтеді.

Осы күні орталық алаңда сағат 11.00 мен 13.00 аралығыда «Ұлттық өнер, құт қайнар» - атты облыстық өнер фестивалі, «Сырдың шипа шұбаты – жырдың қайнар қуаты» - атты «Шұбат-қымыз» фестивалі өткізіледі. Аралдан бастап Жаңақорғанға дейінгі аралықтағы шипалы шұбат, қымыз өндірушілер қызылордалықтарға ұлттық брендке айналған сусындарын ұсынады.

Сонымен бірге «Қауын-қарбыз» фестивалінде, қызылордалықтар Сыр бойы бағбандарының өсірген қауын, қарбыздарынан тегін дәм тата алады. Фестиваль барысында Сырдан шыққан өнімдердің түр-түрінен көрмелер, аппликациялық жұмыстар ұйымдастырылады. «Гүлденген Қызылордам» - атты гүлдер және батпырауықтар фестивалімен қатар «Ертегілер елінде» - атты ертегі кейіпкерлерінің шеруі өтеді. Туған қаламыздың мерейлі мерекесіне өз үлесімді қоссам деген қала тұрғындары мен мекемелер арасында арнайы «Таза аула», «Үлгілі көше», «Үздік ауыл» номинациялары бойынша конкурс ұйымдастырылуда. Барша қызылордалықтарды конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз. Сіздерді арнайы әзірленген сыйлықтар күтуде. «Менің қалам – таза қала» - атты конкурстың қорытындысымен мерекелік шара барысында белсенді мекемелер мен қала тұрғындары марапатталатын болады. Мерекелік шара орталық алаңдағы қайта жаңғыртудан өткен әуенді субұрқақтың ашылуынан кейін, «Ән қалам - Қызылорда» атты гала-концерт, жергілікті өнерпаздардың және елімізге танымал эстрада жұлдыздарының концертіне ұласып, мерекелік отшашумен аяқталады.

25 қыркүейек күні «Қала күні» мерекесінің жалғасы ретінде қаланың мөлтек аудандарында – қала және облыс аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сыр диқандарының қызылордалықтарға арнаған сыбағасынан қалыс қалмаңыздар.

Келіңіздер, «Қала күні» мерекесіне арналған шаралардың қадірлі қонағы болыңыздар!

 

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62