Бүгін: 21 тамыз 2018 жыл, (08:56)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-20-00
Menu

Бөлімнің тыныс-тіршілігі

21 маусым 2018
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘШІГІ АШЫЛДЫ
Жүктеу » (11.9 Кб)
02 сәуiр 2018
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ  
Жүктеу » (11 Кб)
12 қаңтар 2018
Алғаш рет Арал қаласында ұялы телефонмен SMS арқылы туу туралы куәлігіне тапсырыс беріліп, табысталды
Жүктеу » (13.11 Кб)
26 желтоқсан 2017
Бүлдіршіндер жаңа жылдық мерекеге қатысты
Жүктеу » (21.5 Кб)
24 қараша 2017
Зейнетақы төлемдері бойынша өзгерістер
Жүктеу » (16.27 Кб)
02 қараша 2017
«Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту»
Жүктеу » (12.77 Кб)
02 қараша 2017
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында,бөлім жұмыскерлері арасында пікір алмасу»
Жүктеу » (13.53 Кб)
05 мамыр 2017
Еңбек нарығы бағдарлама бойынша 01.05.2017 жылы жүзеге асырылуы туралы
Жүктеу » (42.5 Кб)
07 наурыз 2017
Туу туралы куәліктері табысталды
Жүктеу » (12.65 Кб)
07 наурыз 2017
8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні!
Жүктеу » (13.76 Кб)
04 наурыз 2017
АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТТЕ ОНЛАЙН СУРДОАУДАРМА ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жүктеу » (15.09 Кб)
24 ақпан 2017
Сыбайлас жемқорлық қоғамға аса қауіпті дерт. Бүгінгі күннің басты тақырыбына айналып отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі - қоғамға қауіпті іс - әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесінденгі қызметін тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды түрде қызмет жасуына және ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтанда онымен күрес тек қана заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, әрбір азамат, әрбір отбасы, оның қиянаты, қатері зор екенін келешек ұрпаққа айтып бойына сіңіріп, қоғам болып бірге күресуіміз қажет. Осы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Арал аудандық бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» ҚР-ның 2015 жылғы 18 қарашадағы 410-V заңын басшылыққа алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу бойынша аудандық ішкі істер органымен, аудандық «Нұр Отан» партиясының қызметкерлерімен және аудандық жергілікті атқарушы органдардың мамандарымен тұрақты түрде бірлескен түсіндірме сабақтар және семинар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.
24 ақпан 2017
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ Арал ауданының тұрғындарының назарына! «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филилалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арал аудандық бөліміне сұрақтарыңыз болса және ақпарат білгініз келсе 2-50-15 сенім телефонына хабарласуларыңызға болады.

 

Жақсықылыш кентіндегі қолжетімді қызметтер.

Бұл күнде Халыққа қызмет көрсету Орталығының қызмет көрсет аясы кеңіп, мемлекеттік қызметтерді алу қарапайым халыққа қолжетімді бола түсуде. Қарқынды дамыған технология заманында интернет жүйесіне қосылған компьютер арқылы азаматтар үйлерінен шықпай-ақ, өздеріне керекті анықтамаларды алып, ақпараттарды біле алады.

Ал, елді-мекен халқы үшін осынау анықтамалар алуға аудан орталығына арнайы ат басын бұру әрине тиімсіз. Осы жағдайларды ескере отырып, Арал аудандық «Қазпошта» АҚ байланыс торабынан Жақсықылыш кенті бөлімшесінде ХҚКО тарапынан ҚҚП (қоғамдық қолжетімділік пункті) орнатылды. Сонымен қатар, ЫАЖ (ықпалдастырылған ақпараттық жүйе) бағдарламасы қосылып, қазіргі таңда кент тұрғындарын электронды анықтамалармен қамтамасыз етуде. Осы көрсетіліп отырған қызмет түрлері туралы және басқа да ақпараттарды халыққа кеңінен насихаттау мақсатында бөлімше қызметкері Л. Аманова мен ХҚКО Арал аудандық бөлімнің қызметкерлері арасында семинар-сабақтар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.

Реттеу зал басшысының орынбасары Ж.С.Аленов

Жаңа қызмет көбейе бермек 

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министірлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті жанынан 25 пилоттық режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерімен толықты. Осыған орай  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Арал аудандық бөлімінде,  2014 жылы пилоттық жобаны ендіру бойынша, пилоттық режимде көрсетілетін 25 мемлекеттік қызмет түрінен қызмет көрсететіндігін естеріңізге саламыз. Атап айтар болсақ,  Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызметі және әлеуметтік қорғау саласы бойынша «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» және «Бала туу және бала күтімі бойынша  жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызметі, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арқылы «Техникалық кәсіптік білім беру құжаттарының телнұсқасын беру»  мемлекеттік қызметі, «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құжаттарының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметі, «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметі, сонымен қатар «Электрондық Үкімет» порталы бойынша алынатын электрондық қызметтер санатына «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою», «Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтамалар алу», «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» және «Тегін,атын,әкесінің атын өзгертуді тіркеуге арналған электрондық өтініш беру», «мұрағаттық анықтамалар беру» және «Тұрғын үй алуға кезекке қою» бойынша қызметтер алуға болатындығын естеріңізге саламыз. Осы қызметтер бойынша уәкілетті органдардың қызметкерлерінің қатысуымен бөлім қызметкерлері арасында семинарлар, дөңгелек үстелдер жоспарлануда.Осыған байланысты сұрақ сауалдарыңыз болса бөлімнің  2-50-03, 2-50-07 сенім телефондарына хабарласуға болатындығын ескертеміз.

Реттеу зал басшысының орынбасары: Ж. С. Аленов

Баспасөз мәлімдемесі. Салық берешегі бойынша анықтамаларды ХҚКО алуға болады.

Бұрын Қазақстанның салық төлеушілері салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы анықтамаларды, сондай-ақ салық комитеті бағыты бойынша басқа да анықтамаларды Салық басқармасы арқылы алатын еді. Осы жылдың мамырынан бастап азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Электрондық үкімет порталы арқылы қажетті мәліметтер алуға мүмкіндік беретін үкімет қаулысы заңды күшіне енді. Осы уақытқа дейін бұл қызметтер ХҚКО арқылы «пилоттық режимде» көрсетіліп келді.

ХҚКО арқылы салық берешегі бойынша қажетті анықтамалар алу үшін үлгі бойынша салық өтінішінің нысанын толтыру жеткілікті, бұл орайда жеке тұлғалардың өздерімен бірге жеке куәлігі болуы керек, ал заңды тұлғаларға сенімхат пен тіркелген заңды тұлға туралы анықтама қажет болады. Анықтаманың түріне қарай нәтижені 2-5 жұмыс күнінен кейін алуға болады. Анықтамалар тегін беріледі.

Электрондық үкімет порталы арқылы анықтамалар алу үшін ЭЦҚ ғана болса жеткілікті. Бұл үшін egov.kz порталындағы «Салық және қаржы» бөлімінде қажетті қызметті таңдау және онлайн анықтамаға тапсырыс беру қажет.

Ал, интернетке қолжетімділігі жоқ адамдарға Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Connection point» бұрыштары қарастырылған, онда электрондық-цифрлық қолтаңбасы жазылған жеке куәлігі бар болған жағдайда бұл қызметті өздігінен алуға болады. Жылдың басынан Қызылорда облысының 45 мыңнан астам тұрғыны «Connection point» арқылы қызметті өздігінен алу мүмкіндігін пайдаланғандығын атап өткен жөн.

Электрондық цифрлық қолтаңба енді сіздің мобильді құрылғыңдада болмақ.

2015 жылы қазақстандықтар электрондық цифрлық қолтаңбаны SIM-картаның көмегімен пайдаланатын болады. «Мобильді қолтаңба» электрондық қызметтер мен сервистерді ұялы телефонның кез-келген моделі арқылы алуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған жаңашылдық «Мобильді үкіметтің ақпараттық жүйесі.М-GOV құру» жобасы шеңберінде әзірленуде. Бүгінгі күні  iOs  және  Android  операциялық жүйесін пайдаланушылар үшін egov.kz мобильді қосымшасы арқылы 13 электрондық мемлекеттік қызметтер қолжетімді. Олардың қатарында баспана кезегіне бақылау, коммуналдық қызметтер үшін төлемақы төлеу, жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу қызметі секілді бірқатар қызметтер бар. Аталған қызметтерді алу үшін мобильді қосымшаны пайдаланушылар файлдық ЭЦҚ қолданады.

«SIM-картаға жазылған ЭЦҚ ұялы телефонның  кез келген түрі  арқылы  электрондық қызметтерді алуға мүмкіндік береді, тек SIM-картаны ғана өзгерту  қажет болады» - дейді ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің  Электрондық қызметтерді және ХҚКО дамыту департаментінің директоры Абылайхан Оспанов. «Мобильді үкіметті» құру  барысында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданбай-ақ алуға болатын электрондық қызметтерді SMS  пен  PUSH көмегі немесе бір реттік құпия сөзді  қолдану арқылы хабарламалық және алдын ала ескерту сипатында  алу  мүмкіндігі қарастырылуда. «Бұл дегеніміз, біз болашақта мобильді үкіметтің мүмкіндіктері аясында қағаз анықтамалар мен құжаттардан бас тартатын боламыз»,- деп атап өтті Абылайхан Оспанов.

Қазіргі уақытта 2012 жылдан бері файл түрінде жеке куәлікке жазыла бастаған электрондық цифрлық қолтаңбаны egov.kz порталына кіру барысында компьютер, ноутбук, планшет және смартфон арқылы қолдануға болады.

Айтып өту керек, 2008 жылдан бері қазақстандықтарға барлығы 4,7 млн. ЭЦҚ берілген. Қолданыстағы ЭЦҚ саны бүгінгі күні 2,35 млн. құрап отыр, оның 90% жеке тұлғаларға берілген. 

Бүгінгі күні азаматтар ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауларына өз өтінімдерін жолдап, анықтамалар алуда. Түрлі қызметтер мен рұқсаттарды алуға өтініш беріп, тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркеуге тұрып, тіркеуден шығуда. Ал, заңды тұлғалар болса  ЭЦҚ көмегімен Интернет арқылы билік құрылымдарымен,  түрлі мекемелермен Қазақстанның кез-келген  аймағындағы серіктестерімен онлайн режимінде әріптестік орнатып, кәсіптерін  кеңейте түсуде.

ЭЦҚ 30-дан астам ақпараттық жүйелерде  қолданылады, соның ішінде «электрондық үкімет», «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталдарында, «Қазынашылық-клиент» АЖ мен «Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе» және т.б. жүйелерде қолданылады. 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ. Қызылорда облысында 1414 Біріңғай  байланыс орталығы арқылы келіп түскен өтініштер саны 600-ден асты

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалында жыл басынан бері 1414 Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі – ББО)арқылы  келіп  түскен өтініштер бойынша 600 құжат қабылданды.

2013 жылғы қыркүйек айынан бастап елімізде енгізілген бұлжүйенің артықшылығы сол, тұтынушы ХҚКО-ға келмей-ақ, 1414 байланыс орталығы арқылы бірден өтініш жасай алады. Осы мақсатта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Бірыңғай байланыс орталығының «ХҚКО» РМК мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне шығып, мемлекеттік қызмет көрсету  мәселелері бойынша өзара ықпалдастық регламенті бекітілген.

Регламентке сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтар ББО-ның 1414 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы өтінім бере алады. Өтінім келіп түскеннен кейін, ББО-ның жауапты қызметкері 10 минут аралығында «ХҚКО» РМК  жауапты қызметкерінің электронды мекенжайына тапсырысты жолдауы  тиіс. Өтініш қабылданған сәттен бастап 72 сағат ішінде орындалу қажет - деп мәлімдейді «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиал директорының м.а А.Тобаева.

Сонымен қатар І және ІІ топтағы  мүдектерге мемлекеттік қызмет тегін көрсетілетіндігін, ал ІІІ топтағы  мүдектерге  көрсетілетін қызмет түріне қарай мемлекеттік баждан босатылатындығын ескеру керек.

Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді үй жағдайында көрсету жөніндегі жоба пилоттық режимде 2013 жылдың қараша айынан бастап Қызылода облысы бойынша іске қосылды.2014 жылдың 4-тоқсанында келіп түскен  өтініш саны 142 болса, бұл көрсеткіш 2014 жылдың 1-тоқсанында 299-ға жеткен. 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК  Қызылорда облысы бойыншафилиалының баспасөз қызметі.

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62