Бүгін: 27 мамыр 2017 жыл, (04:37)
A+A-
Нашар көретiндер үшiнҚалыпты нұсқа
Мобильді нұсқа
m.aral.gov.kz
Сенім телефоны: (72433) 2-11-62
Menu

Туризм

2016 жылдың қаңтар-қазан айларында туризмді дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

«Арал ауданында Арал теңізі  және Қамбаш көлінің орналасуы аудан көлемінде туризм саласының дамуына зор мүмкіндік береді. Облыс көлемінде туристік кластерін дамытуға басымдық беріліп отырған «Байқоңыр» ғарыш айлағына аудан арқылы теміржол және автокөлік жолдары жүргізілген. Аудан  экономикасын  дамытудың  басты  бір  көзі  болып  табылатын, жалпы көлемі 494 гектар жерді құрайтын «Қамбаш» демалыс аймағын құру  жұмыстары жасалуда. Осыған орай «Қамбаш» демалыс аймағын дамытуға қатысты аудан әкімінің арнайы іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Бұл шаралар туристер үшін көл жағалауына салынатын құрылыстарға инвестиция тарту, демалыс аймағына қажетті инфрақұрылымды жеткізу жолдарын қарастыру, ұйымдастырылатын жұмыстарға қатысты тиісті құжаттарды әзірлеу, туристер санын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, демалыс аймағына келіп тынығушылардың қауіпсіздігін және көл жағалауы мен демалыс аймағының тазалығын қамтамасыз ету т.б.  ауқымды жұмыстарды қамтиды.

2015 жылы аудан әкімдігінің қаулысымен демалыс аймағына берілген 494 гектар жер телімі «Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінен Арал ауданы «Қамыстыбас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне табысталды. Осы жер телімінің «Аққұмшық» жерінен аукцион арқылы Қамыстыбас селолық тұтыну кооперативіне заңдылығына сай 2 гектар жер учаскесі 2 жыл мерзімге жалға берілді. Қазіргі таңда кәсіпкерлер демалыс аймағына  80-ге жуық нысан салынып, оған тисінше 30,0 млн. теңгеден аса инвестиция құйылып  отыр.  Бүгінгі күні көл жағалауында катер, үрлемелі қайық, катамаран, гидроцикл сынды жүзу құрылғылары тынығушыларға қызмет көрсетті. Құрылыс жұмыстарына  350-ден астам жергілікті жұмысшылар тартылса, 150-ден астам адам маусымдық жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы  жазғы демалыс маусымында демалыс аймағына 2015 жылы 70 мыңнан астам демалушылар келіп тынықты. Ал үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш 20-25  %-ға өсетіні осы кезден байқалуда.

Сонымен қатар Қамыстыбас демалыс аймағын дамыту үшін қосымша инвестиция тарту мақсатында заңдылыққа сәйкес берілген 1 гектар жер теліміне  жеке кәсіпкер М.Өтеев 75,0 млн теңге қаржы салып отыр. Қазіргі таңда 10 үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жер телімінде заманауи үлгідегі волейбол, футбол алаңдары және теннис кордтары орналасады. Сонымен қатар «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорыны жазғы маусым айыларында салауатты өмір салтын насихаттау және туризм саласын дамыту мақсатында келіп тынығыушыларға ақылы қызмет көрсетуге дайын. Нысанда барлық жағдай жасалған. Жатын бөлмесі, емдеу-профилактикалық корпусы, асханасы және спорт залмен қамтамасыз етілген.

 

Пайдалы сiлтемелер
Қатені байқадыңыз ба?
Белгілеп, үстінен басыңыз Ctrl + Enter
«Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120100, Арал қаласы, Школьная көшесі, 33
Тел: +7 724 33 21162, факс: 22541
Сенім телефоны: +7 (72433) 2-11-62